Компания рейсті орындауға рұқсат алмаған
FlyArystan 6 сәуірде рейстерді орындауға рұқсат алмағандықтан Самарқандқа рейсін тоқтатты, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Хабарламаға сәйкес, Өзбекстанның авиациялық билігі FlyArystan компаниясының өтінішін қабылдамады. Әрі қарайғы рейстерде әуе компаниясы жолаушылармен байланыста болады.
«Тоқтатылған рейстің жолаушыларына билеттер құны толық қайтарылады немесе аптасына екі рет орындалатын Түркістан-Ташкент тікелей рейсіне тегін қайта брондау беріледі», – деп хабарлады компания.