Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы жаңа елшілері тағайындалды
Жарияланды
(жаңартылды )
Мемлекет басшысы тиісті жарлықтарға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Моңғолиядағы жаңа елшілерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.