Балқаш әуежайын қайта жөндеуге 3,5 млрд теңге қажет
Қаржы республикалық бюджеттен бөлінетін болады
Балқаш әуежайын қайта құру құны 3,5 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде қала әкімі Ораз Таурбеков айтты.
Оның айтуынша, бұл қаражатқа әуежай ғимараты, такси жолы мен платформа қайта жаңғыртылады, ангар салынады.
«Қайта құрудың жобалық шешімі дайын. Жақын арада әуежайды мемлекет меншігіне аламыз. Процедура бірқатар жағдайларға байланысты біршама кешіктірілді. Баланс ұстаушы туралы соңғы шешімді облыстық салалық басқарма қабылдайды», — деді Ораз Таурбеков.
2020 жылдан бастап Балқаш әуежайын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мемлекет меншігіне берді, ол өз қаражатына (300 млн. теңге) тіпті алдағы реконструкцияның жобалық-құрылыс құжаттамасын әзірледі.
Бұған дейін Қарағанды облысының әкімдігі Балқаш әуежайының мемлекет меншігіне өтіп кеткенін хабарлаған болатын.
Туризм индустриясын дамыту экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді және 2025 жылға қарай туристік ағынды кемінде төрт есеге арттыруды қамтамасыз ететін негізгі көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.