Індетке шалдыққаннан кейін қанда тромбтардың пайда болу қаупі 290 есеге артады
Алты ай бойы
Швецияда жүргізілген зерттеу COVID-19 инфекциясымен ауырып шыққан адамдарда алты айда қанның ұйып қалу қаупінің едәуір арта түсетінін дәлелдеді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.
Ғалымдар 2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін коронавирусқа оң нәтижесі бар миллионнан астам адамның денсаулығын қадағалап, вирусқа шалдықпаған дәл сондай жас ерекшеліктегі төрт миллион адамның жағдайымен салыстырды.
Алынған мәліметтерге сәйкес COVID-19 инфекциясының ауыр ағымымен ауыратын адамдарда өкпе тромбоэмболиясының пайда болу қаупі (өлімге әкелетін тромбтың салдарынан өкпеде қанның тоқтап қалуы) әдеттегіден 290 есе және инфекцияның жеңіл түрінен кейін қалыпты жағдайдан жеті есе жоғары болды. Зерттеушілердің айтуынша, бұл вирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығын тағы да дәлелдей түседі.
Швециядағы Умео университетінің бас зерттеушісі Анн — Мари Форс Коннолли:» Вакцинацияланбаған адамдар үшін бұл екпе алуға жақсы себеп — өйткені вакцинасыз [кенеттен өлім] қаупі әлдеқайда жоғары»,-деп мәлімдеді.
Тромбоэмболия-бұл COVID-19-дан кейін адамдарда пайда болатын көптеген жағдайлардың бірі. Бірқатар зерттеулер мұндай асқынулардың пайда болуынан елімізде қолданылып жатқан препараттармен вакциналау мен ревакциналау ғана қорғай алатындығын көрсетті.