Финляндия мен Швеция осы жазда НАТО-ға кіруі мүмкін

Жарияланды

Екі ел альянсқа қосылса, оның мүшелерінің саны 32-ге жетеді


Финляндия мен Швеция осы жазда НАТО-ға мүше болу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан The Times басылымына сілтеме жасап.

АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, өткен аптада альянстың сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөздер кезінде екі елдің де НАТО-ға мүше болуы көптеген сессиялардың тақырыбы болды.

Финляндия маусым айында мүшелікке өтініш беруі мүмкін, содан кейін Швеция НАТО-ға кіру ниетін жариялайды.

Екі ел альянсқа қосылса, оған мүше елдердің саны 30-дан 32-ге дейін артады.

Наурызда Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон Швецияның әскери блокқа кіру мүмкіндігін сараптау қажеттігін айтып, НАТО-ға мүше болу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Финляндияда Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін елдің НАТО-ға кіру мүмкіндігі қызу талқылануда.

Сондай-ақ оқыңыз