Полицейлер есірткіні өртеп жіберді
Қостанай облысында 200 келіден астам есірткі жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz .
Қостанай облысы ДП аумағында заңсыз айналымнан тәркіленген есірткіні жою акциясы өтті. Арнайы комиссияның қатысуымен полицейлер 200 келіден астам есірткіні өртеп жіберді.
Қостанай облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел іздестірушісі Айгүл Ерәділованың айтуынша, бұл есірткілер қылмыстық істің айғағы болып табылады.
Бұл акцияның мақсаты – халық арасында есірткіге қарсы үгіт-насихат жүргізу, есірткінің қайталама айналымының алдын алу.
Шараға Қостанай жоғары политехникалық колледжінің 40-тан астам еріктілері қатысты.
«Бұл біз қатысатын алғашқы бірлескен акциямыз емес. Біз нашақорлық мәселесіне бей-жай қарамаймыз, бұл зұлымдықпен бірге күресуіміз керек», – дейді волонтер Артур Шихшабеков.