Жаңалықтар

Украинадан кеткен босқындар саны 4,5 млннан асты- БҰҰ

Босқындардың бір бөлігі Еуропа Одағының басқа елдеріне кетіп жатыр

24 ақпаннан бастап 4 503 954 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасынан өткен. Бұл туралы БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ) мәлімдеді.

Польша шекарасынан 2 593 902, Румыния – 686 232, Венгрия – 419 101, Молдова – 410 882, Ресей – 404 418, Словакия – 314 485 және Беларусь – 19 096 өтті.