Қазақстанның жалпы ішкі өнімі бірінші тоқсанда 4,4%-ға өсті
Жарияланды
Наурызда экономика 0,9%-ға өсті
2022 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,4%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
Оның айтуынша, экономикалық өсу қарқыны үдей түсті.
Бұған дейін ол 2022 жылға арналған ЖІӨ болжамды деңгейі 3,9%-дан 2,1%-ға төмендегенін хабарлаған болатын.
Қаңтар-ақпан айларында ішкі жалпы өнімнің өсімі 3,5%-ды құрады. 2021 жылдың соңында экономика 4%-ға өсті.