Қазақтелекомның 28,8 пайыз акциясы мемлекет меншігіне қайтарылады

Жарияланды
Skyline Investment Company S.A. компания акцияларын мемлекетке сыйға тартқан

«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылады.  Бұл туралы Үкіметтің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Үкіметі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдаған.

 «Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Айта кетейік, жақында үсталған Қайрат Сатыбалды –  «Alatau Capital Invest» компаниясының басқарушы серіктесі. Осы компания арқылы «Қазақтелеком» АҚ-да үлесі болған. Қайрат Сатыбалдыға  лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Сондай-ақ оқыңыз