Нью-Йорк метросындағы атыстан 23 адам жарақат алды

Жарияланды

Қылмыскер жолаушыларға 33 рет оқ атқан

Нью-Йорктегі метродағы атысқа күдікті Glock тапаншасынан 33 оқ атты, деп хабарлады Нью-Йорк полициясының детективі Джеймс Эссиг баспасөз мәслихатында. Полиция басшысы Кишант Суэлдің айтуынша, 23 адам жарақат алған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Нью-Йоркте Бруклин 36th Street метро станциясында атыс болды. Полиция қара нәсілді күдіктіні іздестіріп жатыр. Жасыл құрылыс кеудеше киген қылмыскер противогаз киген, түтін шыққан канистрді ашып, кейін жолаушыларға оқ атып, оларды қуа бастаған. 20-дан астам адам жарақат алды. Полиция іздеуде жүргендердің тізімін шығарып, көп ұзамай атыс болған жерден бес мильдей жерде оқиғаға қатысы болуы мүмкін Аризона нөмірлері бар көлікті тапты. Оның ішінде ешкім болған жоқ. Қазір олар Филадельфияда осы фургонды жалға алған 62 жастағы ер адамды іздеп жатыр.
Полиция басшысы Кишант Суэлдің айтуынша, «атыс кезінде 10 адам жараланған, тағы 13 адам төбелес кезінде немесе түтіннің астында қалды». «Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ », – деді ол.

Қылмыскерді полиция іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз