Бұған дейін бұл қызметті Тамара Дүйсенова атқарған
Мемлекет басшысының жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда.кз баспасөз қызметі хабарлады.
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын», – делінген хабарламада.