АҚШ Қаржы министрлігі Шетелдік активтерді бақылау басқармасының «Альфабанкке» салған санкциялары 6 мамырдан өз күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
«Биыл 6 мамырға дейін көрсетілген кезең OFAC лицензиясында контрагенттермен салынған санкцияларға байланысты тікелей шектелетін операциялар мен мәмілелерді аяқтау жұмысын жүргізуге банктің уақыты болуы үшін арнайы көзделген. Мұндай операцияларға шетел валютасындағы есеп айырысулар, халықаралық төлем жүйелері арқылы аударымдар, американдық банктердің корреспонденттік шоттарын пайдалану және басқалары жатады» делінген агенттік хабарламасында.
6 мамырға дейін «Альфа-Банк Қазақстан» клиенттері банкоматтан қолма-қол ақша алып, теңгемен ақша аударып, коммуналдық қызметтер, мобильді байланыс пен басқада қызмет ақысын төлей алады.
««Альфа-Банк Қазақстан» – жеткілікті капитал қоры бар төлем жасауға қабілетті банк. Қазіргі уақыттабанктің клиенттер алдындағы міндеттемелері 445 млрд теңгені құрайды, олар 480 млрд теңге сомасындағы жоғары сапалы несие портфелінің, 134 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капитал және негізгі банк ашқан кредиттік желі есебінен өтеледі» дейді ҚНРДА.
Қазіргі уақытта Банк клиенттерінің төлемдер мен аударымдарды орындауға берген бір сәттік өтінімдерін, сондай-ақ клиенттердің қаражатын алуға байланысты өтімділік тапшылығына тап болды. Көптеген клиенттер банктен өз қаражатын алып кетуіне байланысты, қаржы ұйымы ұлттық валютадағы клиент төлемдері мен аударым сомаларына уақытша шектеу енгізді.
Банк клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындауға қатысты ахуалды тұрақтандыру жұмысын жүргізеді. Банк несие портфелінің бір бөлігін сатып, қаржы тартып жатыр. Бұдан бөлек, акционерлерін толық ауыстыру қарастырылып жатыр, ол «Альфа-Банк Қазақстан» банкінің санциялық тізімнен шығуына ықпал етеді.
Жағдай тұрақтанған соң, уақытша шектеу алып тасталады. Бұл банк депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіретіндіктен, банктегі депозиттердің сақталуына мемлекет кепілдік береді.