Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі
Алматыда бірқатар көшелердің атауы өзгертілді, деп хабарлады әкімдік.
Алатау ауданы Нұркент шағын ауданы бойынша:
№1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі.
Бостандық ауданы Ерменсай шағынауданындағы атаулар өзгереді:
№ 2 жобалық атауы бар көше – Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
№ 4 жобалық атауы бар көше – Қаршыға Ахмедияров көшесі;
№ 5 жобалық атауы бар көше – Шолпан Жандарбекова көшесі.
Бостандық ауданының Нұр Алатау шағынауданы бойынша:
№ 12 жобалық атауы бар көшеге Ғазиз Жұбанов есімі беріледі;
№ 13 жобалық атауы бар көше – Кәкімбек Салықов.
Бостандық ауданы Нұрлытау шағынауданы бойынша:
№ 6 жобалық атауы бар көшені Роза Жаманованың құрметіне атайды.
Медеу ауданы бойынша:
№ 2 жобалық атауы бар көше – Тимофей Седельников көшесі;
№ 7 жобалық атауы бар көше – Мәшһүр Жүсіп көшесі.
Медеу ауданының Алатау шағынауданы бойынша:
№ 14 жобалық атауы бар көше Лев Гумилевтің құрметіне аталады.
«Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», – деп атап өтті әкімдік.