Оңтүстік Африкада су тасқыны салдарынан 300-ден астам адам қаза тапты

Жарияланды

6 мыңнан астам үй зардап шекті

Оңтүстік Африка Республикасының шығысындағы Дурбан қаласында болған су тасқыны салдарынан 306 адам қаза тапты, деп хабарлайды The Guardian үкіметіне сілтеме жасап.

Атап өткендей,пойыз қозғалысы бұзылды. 6 мыңнан астам үй зардап шекті. Дауыл Африканың ең маңызды порты Дурбанда жүк контейнерлерін шашыратып жіберді, оның жұмысы тоқтатылды.

The Guardian кейбір жерлерде тас жолдарды су басып қалғаны сонша, судан бағдаршамның төбелері ғана көрінетінін жазады.

Синоптик Дипуо Тавананың айтуынша, Оңтүстік Африканың КваЗулу-Натал провинциясының бөліктеріне соңғы 48 сағатта 450 мм-ден астам жауын жауды, бұл Дурбандағы жылдық жауын-шашынның жартысына жуығы 1009 мм.

Сондай-ақ оқыңыз