Ресейде табиғи тондарға сұраныс азайды

Жарияланды (жаңартылды )

Бұған бірнеше факторлар әсер етті

Табиғи тондарға ресейлік сұраныстың айтарлықтай төмендеуіне байланысты  «Снежная королева»      компаниясының иелері өз дүкендеріне осы өнімдерді жеткізуді қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Интерфакс агенттігіне желі коммерциялық директорының орынбасары Влада Иванюк хабарлады.

Иванюк аң терісін сатудың шарықтау шегі 2016-2017 жылдары болғанын түсіндірді. Қазір сұраныс айтарлықтай төмендегенің айтты.

Сонымен қатар, Иванюктің айтуынша, шикізат бағасы күрт өсті, бұл дайын өнімнің өзіндік құнына айтарлықтай әсер етіп, сату көлемінің төмендеуіне әкелді. «Халықтың сатып алу қабілетінің жалпы төмендеуін ескере отырып, ресейліктер аң терісінен жасалған бұйымдарды мұндай бағаға сатып алуға дайын емес екені белгілі болды. Барлық шығындарды сатушы көтерді».

Сондай-ақ оқыңыз