Түркістанда сібір жарасына қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды

Жарияланды

Жалған ақпарат «WhatsApp» мессенджері арқылы таралуда

Түркістан облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті  соңғы күндері  «Whats App» мессенджері арқылы  сібір жарасына қатысты  таралып жатқан аудиожазбаның   шындыққа  жанаспайтындығын хабарлайды. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

  Түркістан облысы Түлкібас ауданының екі тұрғынынан  сібір жарасы анықталды. ​​​​​​​​​​​ Қазіргі уақытта олардың біреуі Ақмола облысында, біреуі Түркістан облысында  ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жақында ауруханадан шығарылады. 

Ал ауру малдың еті Түркістан облысына тиесілі емес,  науқастардың сөзінше  олар етті Жамбыл облысынан  сатып алып келген.  Нақты кімнен, және қай жерден сатып алғандығы жөнінде тергеу-тексеру жұмыстарымен  құзыретті органдар айналысуда.

Сондай-ақ оқыңыз