Бішкектің орталығында енді шеру өткізуге тыйым салынды
1 қыркүйекке дейін
1 қыркүйекке дейін Бішкектің орталығында шеру өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы 24.kg елордалық муниципалитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, Первомайск ауданының әкімдігі «болуы мүмкін жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алу және жолын кесу мақсатында, сондай-ақ «Бейбіт жиналыстар туралы» заңды басшылыққа ала отырып, шеру өтетін орындарды уақытша шектеу туралы арызбен аудандық сотқа жүгінген.
Первомайск аудандық соты Жогорку Кенеш, Ресей елшілігі ғимараттары, Ала-Тоо алаңында, президент әкімшілігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ғимаратының жанында бейбіт жиындар мен митингілерді өткізуге шектеу қою туралы әкімдіктің шешімін күшінде қалдырды.
Әкімдік шектеулер 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) күшінде болатынын атап өтті. «Барлық жиналыстар мен митингілер Рысқұлов пен Исанов көшелерінің қиылысындағы Максим Горький алаңында өтуі керек», – деп қосты.