Жаңалықтар

Елімізде қандай қаржы құралдары бар?

Банк ұяшығы, эскроу-шот және аккредитив деген не ?

Фото: Shutterstock

Ірі мәмілелер жасасқан кезде тараптардың бірі ақшаны алдын ала алып қойға жағдайда, мұндай тарап өз міндеттемелерін орындамай қояды деген тәуекел туындайды. Сол себепті мәмілеге қатысушының мүддесін қорғау үшін банк ұяшығы, эскроу-шот және аккредитив сияқты қаржы құралдары жиі қолданылады. Бұл қаржы құралдар туралы Fingramota.kz сайты айтып береді.

Банк ұяшығы деген не?

Банк ұяшығы– белгілі бір құндылықтарды: мәселен, бағалы қағаздарды, шетел валютасын, зергерлік бұйымдар немесе маңызды құжаттарды сақтау үшін жалға алуға болатын банктегі жеке сейф. 

Банк ұяшығында сейфке зақым келтіруі мүмкін атыс, газ және суық қару, психотроптық, жарылғыш, уытты немесе радиоактивті заттардан, тамақ өнімдерінен және тыйым салынған өзге де заттардан басқа барлық заттарды сақтауға болады.

Эскроу- шот деген не?

Бұл сатушы өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін банк сатып алушының ақшасына тыйым салатын арнайы шот.

Эскроу-шот белгілі бір қызметтер мен жұмыстар орындалғаннан кейін ғана банк бенефициарға ашатын және ақшалай қаражатты беретін сейф іспеттес. Эскроу- шотты пайдаланатын мәмілеге әрқашан мына субъектілер қатысады: сатып алушы, яғни депонент әрі бенефициар болып табылатын сатушы және тараптар арасында делдал қызметін атқаратын банк.

Депозиттердегі қаражаттан айырмашылығы, банктерге басқа тұлғаларға кредит беру үшін эскроу- шоттағы ақшаны пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұл контрагенттердің (шарт тараптары) шарт орындалған немесе кенеттен бұзылған жағдайда, ондағы қаражаттың болмай қалатын болжамды жағдайынан қорғалғанын білдіреді.

 Аккредитив деген не? 

Аккредитив – бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ерекше нысаны, онда банк сатушы белгілі бір міндеттемелерді орындаған жағдайда төлем алатынына кепілдік береді.

Аккредитивті оны ашуға (беруге), растауға және ресімдеуге байланысты операциялар мен әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Аккредитив – бұл виртуалды сейфтің бір түрі.

Аккредитивтің эскроу- шоттан айырмашылығы неде?

Аккредитив клиенттің үшінші тұлғаның атына ашатын және оған клиент шарт бойынша төлеуге тиіс ақшасын енгізіп отыратын эскроу-шотқа өте ұқсас. Алдын ала келісілген талаптарды орындаған жағдайда ғана үшінші тұлғаның эскроу- шотындағы ақшаға билік етуге құқығы бар, бұл эскроу- шот ашылған банктің бақылауында болады.