АҚШ спутникке қарсы қаруды сынауға мораторий енгізді
Жарияланды
(жаңартылды )
Вице-президент Харрис: АҚШ әкімшілігі ғарышта жұмыс істеудің жаңа нормаларын орнатқысы келеді
АҚШ вице-президенті Камала Харрис Калифорниядағы «Ванденберг» ғарыш күштерінің базасына барған кезде спутникке қарсы қаруды сынауға мораторий жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Бұл сынақтар қауіпті және біз оларды жасамаймыз», – деді вице-президент.
Оның айтуынша, осылайша АҚШ әкімшілігі ғарышта жұмыс істеудің жаңа ережелерін жазып, нормаларын орнатқысы келеді.