Жаңалықтар

БАҚ: Жапония Украинаға дрондар мен химиялық қорғаныс құралдарын жеткізуге ниетті

 Оның ішінде химиялық заттардан қорғай алатын арнайы киімдер бар

 Жапон үкіметі Украинаға химиялық заттардан қорғай алатын арнайы киімдер мен маскалар, сондай-ақ дрондар түріндегі қосымша көмек көрсетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Киодо ақпарат агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Наурызда Жапония Украинаға қорғаныс құралдары түрінде көмек жіберді: бронь, дулыға, жылы киім, шатырлар, камера, гигиеналық құралдар, құрғақ азық-түліктер, өзін-өзі қорғау күштерінің генераторлары.