Дамушы нарықтарда валюталардың серпіні әртүрлі бағытта болды

Жарияланды

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды

Дамушы нарықтарда валюталардың серпіні әртүрлі бағытта болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ-та инфляцияның талдаушылар күткеннен де төмен өсуі туралы деректердің пайда болуымен америкалық валюта құлдырай бастады. Бірақ инфляцияның рекордтық көрсеткішімен күрес жолында алдағы айда пайыздық мөлшерлеменің 150 б.т. көтерілуі бойынша күтулерді нығайтуға қатысты Нью-Йорктағы Федералды резервтік банктің президенті Джон Уильямның мәлімдемесі ол үрдісті өзгертті. ЕОБ президенті Кристин Лагард та сан жағынан жеңілдіктің аяқталуы және пайыздық мөлшерлемелерді арттыру мүмкіндігі туралы белгі бере отырып, осындай мәлімдеме жасады.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • түрік лирасы экспорттаушылардың валюталық түсімді міндетті конвертациялау үлесін ұлғайту (25%-дан 40%-ға дейін) жоспарына қатысты Орталық банктің хабары аясында 0,7%-ға (14,75-тен 14,64-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы АҚШ-та талдаушылар күткеннен де инфляцияның төмен өскені туралы деректер шыққаннан кейін АҚШ қазынашылық облигацияларының кірісі төмендеп, әлемдік деңгейде АҚШ доллары әлсіреп, 0,4%-ға (20,05-тен 19,97-ге дейін) нығайды;
  • Оңтүстік Африка ранды шикізат тауарлары бағасы өсе түскендіктен 0,1%-ға (14,65-тен 14,63-ке дейін) нығайды;
  • Бразилия реалы бұрынғы қалпында (4,7) қалды;
  • Индонезия рупиясы жаһандық нарықтағы тәуекел-сентименттің төмендеуі аясында 0,1%-ға (14362-ден 14381-ге дейін) әлсіреді;
  • үнді рупиясы Нью-Йорк Федералды резервтік банкі президентінің мәлімдемесінен кейін АҚШ доллары мен қазынашылық облигациялар кірісінің нығаюы аясында 0,4%-ға (75,91-ден 76,18-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі РФ Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені жылдық 17%-ға төмендету жөніндегі шешімі, сондай-ақ доллар мен еуроны сатып алғанда 12 пайыздық комиссияны алып тастауы аясында 3%-ға (80,4-тен 82,85-ке дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз