McKinsey Ресейдегі тұтынушыларға қызмет көрсетуді тоқтатты
Жарияланды
Компания Ресейде енді жаңа келісімшарттарға қол қоймайтынын хабарлады
McKinsey халықаралық консалтингтік компаниясы ресейлік клиенттерге қызмет көрсетуді тоқтатқанын хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«2022 жылдың 15 сәуірінен бастап Ресейдегі тұтынушыларға барлық қызметтерді көрсету тоқтатылды», – делінген хабарламада.
Мұндай шешім наурыз айының басында Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына байланысты қабылданған болатын. Сонымен бірге компания Ресейде енді жаңа келісімшарттарға қол қоймайтынын хабарлады.