Елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды
22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды, ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны алып келеді. Бұл туралы kazhydromet.kz хабарлады.
Солайша, жаңбырдың қарға айналуы және ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 3-8 аязға дейін, елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста тіптен қарға айналаты жауын-шашын.
Бірақ оңтүстік өңірлер үшін ауа райы әлі де ыңғайлы болып қалмақ. Бұның себебі – оңтүстік ауа массалары. Осылай, бұл аймақтарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр туындаса да, жоғары температура фоны сақталатын болады.