Жаңалықтар

Елордада полиция есебінде 2 мыңнан астам үй агрессорлары тіркелген

Полицейлер ішкі істер органдарының негізгі міндеттерінің бірі болып қала беретін тұрмыстық қылмыстардың алдын алу туралы айтып берді. Бүгінгі таңда отбасылық жанжалқойлар мен агрессорларға қатысты барлық заңнамалық тетіктер қабылдануда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі хабарлады.

Үй агрессорларымен мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, бұл тұрғылықты жеріне бару, ҮЕҰ әлеуетін пайдалана отырып, құқықтық, психологиялық көмек көрсету арқылы әңгімелер өткізу. Жыл басынан бері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 372 адам жауапкершілікке тартылды. Жәбірленушілердің құқықтарын қорғау үшін 2 мыңнан астам қорғау ұйғарымы шығарылды. Қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 85 отбасылық жанжалқой жауапқа тартылды.

Айта кететін жай, жәбірленушілердің полицияға уақтылы жүгінуі және олардың үйдегі агрессорға алдын-алу шараларын қабылдаудағы тұрақты ұстанымы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тиімді алдын алуда өте маңызды болып табылады.

        Көбінесе әйелдер ұрып-соғу мен қорлауда соңына дейін шыдайды, оны полициядан жасырады, өз бетінше қайта тәрбиелеуге тырысады, алайда бұған бірнеше апта мен айлар керек және соңы қайғымен аяқталады, ең сорақысы балалар зардап шегеді.

Мәселен, Есіл ауданында орын алған факті, әйел адам бірге тұратын ер адамның өзін үнемі ұрып соғатынына шыдамай, екеуі ішімдік ішкеннен кейін оны өлтіріп қойған. Сондай-ақ, төрт жасар қызының денесіндегі ұрып-соғудың айқын белгілеріне қарамастан бірге тұратын адамы баланы абайсызда жарақаттап алғаны жөнінде берген түсініктемесін құп көріп, полицияға ешқандай арызданбауды мақұл көрген жағдайлар да бар.

Сонымен қатар, ол күн сайын қызын бірге тұратын адаммен қалдырып, жұмысқа кетіп жүрген. Аталған ер адам кәмелетке толмаған қызды азаптағаны үшін ҚР ҚК 110-бабы бойынша сотталды. 

        Көп жағдайда әйелдер арызданғаннан кейін біраз уақыт өте полицияға жұбайларымен немесе бірге тұратын адамымен татуласатынын айтып арыз-шағымдарын қайтып алуды жөн санайды. Сот істі тоқтатуға құқылы, бірақ бұл құқық бұзушыларға жазасыздық сезімін тудырады.

        Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтарының қолдауымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді жұмыс жүргізуде, бұл Мемлекет басшысының азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы тапсырмасы аясында орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

102 арнасына жыл басынан бері отбасылық жанжал фактілері бойынша мыңнан астам хабарлама келіп түскенін. Барлық өтініштер бойынша әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қабылдаумен профилактикалық жұмыстар жүргізілген.