Латвияда электр энергиясы бір айда 59,7 пайызға өсті

Жарияланды

Бұл елде газ бағасының өсуімен  байланысты

Фото:bktravel.kz

Латвияда наурызда электр энергиясының орташа бағасы 1,5 еседен астам, яғни 59,7 пайызға өсті. Мұндай мәліметтерді Augstsprieguma tīkls электр энергиясын жеткізу жүйесінің операторы ұсынады. Бұл туралы lenta.ru агенттігі хабарлады.

Олардың айтуынша, Латвияның сауда аймағында электр энергиясы бір мегаватт-сағат үшін 167,22 еуроға дейін қымбаттаса, наурызда бұл баға 104,72 еуроны құраған. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш 2021 жылдың наурыз айымен салыстырғанда (€48,42) 284 пайызға жоғары.

Augstsprieguma tīkls пікірінше, бағаның өсуі қаңтар және ақпан айларындағы рекордтық көрсеткіштермен салыстырғанда желдің азаюы, Ресейдің Украинадағы арнайы операциясын бастағаннан кейін газ бағасының өсуімен  байланысты.

Сондай-ақ оқыңыз