2022 жылы қандай компаниялардың IPO-сына назар аударған жөн?
Reddit, Discord, Databricks пен Mobileye биыл IPO-ға шығады. «Фридом Финанс» ИК аға инвестициялық кеңесшісі Кирилл Овчинников осы компаниялардың акциялары қаншалықты тартымды екенін сараптайды.
Маманның айтуынша, құбылмалы кезең мен геосаяси тұрақсыздық көптеген компаниялардың IPO процесін кідірте түрып, лайықты сәтті күтуге мәжбүр етті. Дегенмен, бірқатар технологиялық компаниялар акцияларын биыл алғаш рет қор нарығына шығамақ. Кеңесші құны $10 млрд-тан жоғар бағаланған, инвесторларды қызықтыруы мүмкін ойыншыларды таңдады.
Кеңесші ең бірінші Reddit әлеуметтік платформасына назар аударған жөн дейді. Reddit өзін «адамға интернеттегі ең жайлы орын» деп атайды. Әлеуметтік платформа пайдаланушылары маңызды мәселелерді талқылап, кеңес беріп, өз тәжірибесін ортаға сала алады. Былтыр ол GameStop, AMC Entertainment және т.б. мем-акцияларын талқылау ортасына айналды. Портал 2005 жылы құрылған, қазір оған күн сайын 50 млн адам кіреді. Былтыр реддиторлар 366 миллион пост жазған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда, 19 пайызға артық.
Былтыр жыл ортасында компания IPO-ға шығуға құпия өтініш берген. Хабарламада орналастырылатын акциялар саны мен баға диапазоны көрсетілмеген. Бірақ бастапқы жария ұсыныс бағалы қағаздар мен биржа жөніндегі Комиссия (SEC) тексеру процесін аяқтағаннан кейін, сондай-ақ, нарықтағы басқа да жағдайларды ескере отырып жасалады делінген.
Былтыр компания құны инвесторлардан қаражат тартқаннан кейін $6,5 млрд-тан $10 млрд-қа дейін өсті.
Discord
Екінші инвестициялық идея – ойыншыларға арналған Discord әлеуметтік желісі. Бұл – айына 150 миллион белсенді қолданушы базасы бар дауыстық, мәтіндік және бейне чат. Компания Greylock, Benchmark және Spark Capital сияқты жетекші венчурлық капиталдан 200 миллион доллардан астам қаражат тартты деп хабарланған. Discord 2021 қыркүйегіндегі кезекті қаржыландырудан кейін 15 миллиард долларға бағаланды.
Databricks
Databricks 2013 жылы құрылған, оның қызметін дүние жүзі бойынша 7 мыңнан астам ұйым пайдаланады. IPO өткізетін күні әлі анықталған жоқ. Тамыз айында компания инвесторлардан $1,6 млрд тартып, бұл қадам оның құнын $38 млрд-қа дейін арттырды.
Mobileye
Mobileye стартапы 1999 жылы Израильде құрылған, ал 2014 жылы ол АҚШ-та IPO өткізген. Ал үш жылдан кейін компанияны технологиялық алып – Intel сатып алды. Қазіргі уақытта ол Mobileye акцияларына 100% иелік етеді және Intel IPO-дан кейін бақылау пакетін сақтап қалады деген болжам бар.
Intel-дің еншілес компаниясы ұшқышсыз көлік жүргізу, бейімделген круизді басқару саласына бағытталған. 6 желтоқсанда Intel Mobileye акцияларын АҚШ биржасына 2022 жылдың ортасында шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Оның бағасы 50 миллиард доллар болуы мүмкін.
2021 жылы рекордық деңгейде өскен IPO нарығының қарқыны биыл І тоқсанда баяулап қалды. Көптеген компаниялар геосаяси шиеленіс, нарықтағы құбылмалылық, соңғы IPO-дан кейінгі акция бағасының өзгерісі, инфляцияның өсуі мен COVID-19 пандемиясының қаупіне байланысты акцияларын қор нағына шығаруды кейінге қалдырды.
Renaissance Capital нарықта IPO-ға шығатын ыңғайлы сәтті күтіп жүрген үміткерлер бар екенін атап өтті. Инвестбанк мәліметтері бойынша, 132 компания листинг өткізуді жоспарлап отыр және олардың 89-ы кезекте тұр (олар соңғы 90 күн ішінде шарттарын айқындап болмаса жаңартқан).
«Фридом Финанс» ИК – америкалық және ресейлік қор нарығы саласында жұмыс тәжірибесі бар брокерлік компания. Freedom Holding Corp құрамына кіреді.
Freedom Holding-тің Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Кипр, Ұлыбритания, Украина және АҚШ-та филиалы бар. Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market, Қазақстан қор биржасында, Санкт-Петербург биржасында және Украина биржасында саудаланады.
Қазақстанда «Фридом Финанс» АҚ – еліміздің қор нарығының ірі кәсіби қатысушысы. Компания «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-на иелік етеді. Сонымен қатар, топ өзінің «Freedom Finance Insurance «Сақтандыру компаниясы» АҚ және «Freedom Finance Life «Өмірді сақтандыру компанияс» АҚ арқылы сақтандыру бизнесін дамытады.