Жаңалықтар

Израиль Украинаға қару сатудан бас тартты

Израиль оның орнына гуманитарлық көмек көрсетеді

Израиль Украинаға құтқару қызметтері үшін қорғаныс құралдары түріндегі гуманитарлық көмек береді, деп хабарлады Израиль қорғаныс министрі Бенни Ганц. Бұл туралы Jerusalem Post (JP) агенттігі хабарлады.

«Бұл Израильдің гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарының бір бөлігі, оған далалық ауруханалар құру, босқындар мен иммигранттарды қабылдау, азық-түлік пен медициналық көмек көрсету және т.б. кіреді», – деді министр мәлімдемесінде.

Бұл шешім Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резниковпен келіссөздерден кейін қабылданғаны атап өтілді. Ол бастапқыда қаруды сатуды мақұлдауды талап еткен, бірақ бас тартылды.