Мектептерде 9 мамырға арналған жиын болмайды

Жарияланды

Білім министрлігі  мектептерде 9 мамырға арналған әскери бұйымдарды қолданбауды сұрады

Биыл Қазақстан мектептерінде Жеңіс күніне арналған жиын болмайды, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«7 және 9 мамырда аталып өтілетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өтеді. 9 мамырға арналған мектеп жиналыстары жоспарланбаған», – делінген министрлік хабарламасында.

Білім министрлігінде атап өткендей, әскери киімдер мен керек-жарақтарды, сондай-ақ театрландырылған көріністерде пайдаланудың қажеті жоқ, білім беру ұйымдарына ұсыныстар жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыз