503 мыңнан астам адам АӘК алды
Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді
Осы жылғы қаңтар – наурыз аралығында 98,1 мың отбасындағы 503,5 мың адам атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 87,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбекмин хабарлады.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Бұдан басқа, АӘК көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
2022 жылғы 1 тоқсанда АӘК алушылар қатарындағы
1 жастан 6 жасқа дейінгі 124,5 мың бала азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында ТЖ режимінің қолданылуына байланысты 2021 жылдың 4 тоқсанында АӘК алған азаматтарға төлемдер 2022 жылдың 1 тоқсанына автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте жаңа алушылар үшін Электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру мүмкіндігі іске асырылды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.