23 сәуірден бастап
2022 жылғы 23 сәуірден бастап eGov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚҚоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.
Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR -кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.
«ЭЦҚ шығару eGov.kz порталында өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн.рет мемлекеттік қызметтерді алу үшін жасаған. Біз азаматтардан көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деген пікір аламыз. Бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап, бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.