Кәрім Мәсімовтың інісіне іздеу жарияланды

Жарияланды
Оған аса ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылған

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы, полиция генерал-майоры Н.М. Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша). Генерал-майор аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланып, оның қайда екені анықталып жатыр.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Бұдан дейін хабарланғандай, Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылған. Ашық ақпарат көздерінің хабарлауынша, Нұрлан Мәсімов ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі болып келеді.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері ҰҚҚ басқарған Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға әрекеттенді және билігін асыра пайдаланды деген күдікпен 6 қаңтарда ұсталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз