Жаңалықтар

Ресей елшісіне Америка мемлекеттері ұйымының  отырысында сөз сөйлеуге рұқсат бермеді

Антонов оған отырыста сөз сөйлеу мүмкіндігінен бас тартылғанын айтты

Ресейдің Вашингтондағы елшісі Анатолий Антонов Америка мемлекеттері ұйымының Ресей Федерациясын тұрақты бақылаушы мәртебесінен айыру туралы дауыс берген отырысында сөз сөйлеуге рұқсат етілмегенін айтты. Тиісті хабарлама Ресей дипломатиялық миссиясының Telegram-каналында жарияланды. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.

«Осы тақырып бойынша кезектен тыс отырыс барысында Ұйымдағы Ресейдің тұрақты бақылаушысы құжат бойынша дауыс беру алдында немесе одан кейін кездесуде сөз сөйлеу мүмкіндігінен айырылды», – делінген елшінің түсініктемесінде.