Жаңалықтар

Қызылорда облысының кеденшілерімен ірі көлемде контрабанда фактісі анықталды

Тауарлардың кедендік құны 145 млн.теңге құрайды

Қызылорда облысының кеденшілерімен ірі көлемде контрабанда мен интеллектуалды меншік құқын бұзу фактісі анықталды.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен кедендік жете тексеру барысында, Өзбекстан Республикасынан дайын тоқыма өнімдерін импорттаумен айналысатын жеке кәсіпкердің 8 автокөлікке тиелген тауарларын декларацияда мәлімделмегені анықталды.

Анықталған декларацияда мәлімделмеген тауарлардың салмағы 63 тонна, ал тауарлардың кедендік құны 145 млн.теңге құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша мәлімделмеген тауарларға 82 млн.теңге кедендік төлемдер мен салықтар есептелді.

Осы жағдайларға байланысты;

-1 факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабының 1-бөлігіне сәйкес, «Экономикалық контрабанда» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

-7 факті бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшлік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 551-бабының 1-бөлігімен 7 әкімшілік іс қозғалып, барлығы 1 072 050 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, анықталған тауарлардан зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген «РUMA» белгісі бар тауарлар анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшлік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 558-бабымен әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жолданды.