Жаңалықтар

Қазақстандықтардың екі қысқартылған жұмыс аптасы болады

Мамыр айында тұрғындар 12 күн демалады

Қазақстандықтар үшін мамырдың алғашқы екі жұмыс аптасы мереке күндеріне байланысты қысқартылады. Тұрғындар әдеттегі демалыс күндерінен бөлек дүйсенбі, 2 мамырда демалады. Сонымен қатар, дүйсенбі мен сейсенбіде – 9 және 10 мамырда демалады.

Осылайша, қазақстандықтар мамыр айында 12 күн демалады.

1996 жылдан бастап елімізде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде тойланып келеді. Биыл мереке жексенбіге сәйкес келгендіктен, тұрғындар 30 сәуірде, 1 және 2 мамырда демалады.

1992 жылдан бері 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні аталып өтілсе, 9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл күндері қазақстандықтар төрт күн қатарынан – 7 мамырдан 10 мамырды қоса алғанда демалады.