Инвестиция

Meta, Apple мен Amazon компаниясы осы аптада тоқсандық есебін жариялайды

Сондай-ақ, АҚШ-тың  жалпы ішкі өнімі, тұрғын үй нарығы бойынша статистика ұсынылады

Осы аптада Alphabet, Microsoft, Meta Platforms, Amazon мен Apple сынды технологиялық алыптар тоқсандық есеп-қисабын  жариялайды. Сонымен қатар, алдағы күндері есеп беретіндердің тізімінде Coca-Cola, Activision Blizzard, General Electric, United Parcel Service, 3m және басқалары бар, деп хабарлайды Barron’s.

Дүйсенбі,  күні компьютер ойындарын шығаратын Activision Blizzard, ameriprise Financial қаржы компаниясы,  Coca-Cola, Cadence Design Systems пен sba Communications инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры тоқсандық есебін жариялайды.

Ал сейсенбі күні 3m химия корпорациясы, Chubb сақтандыру компаниясы, General Electric корпорациясы, General Motors автомобиль корпорациясы, PepsiCo, Raytheon Technologies аэроғарыш және қорғаныс конгломераты, Visa трансұлттық қаржылық қызмет корпорациясы және т. б. тоқсан нәтижесін  жариялайды.

Халық санағы бюросы наурыз айындағы ұзақ мерзімді тауарлар туралы есеп пен  наурыз айындағы тұрғын үй сату статистикасын орналастырады.

27 сәуір күні American Tower сымсыз байланыс инфрақұрылым операторы, Amgen биофармацевтика компаниясы, Automatic Data Processing бағдарламалық қамтамасыз ету провайдері, Boeing, автоөндіруші Ford Motor, әскери және аэроғарыш техникасын өндіретін General Dynamics, T-Mobile US сымсыз байланыс операторы және басқалары өз есеп-қисабын жариялайды.

Бейсенбі, 28 сәуір, темекі өнімдері нарығының көшбасшысы Altria Group,құрылыс пен кен өндірісі техникасын шығаратын Caterpillar, Comcast телекоммуникация корпорациясы, Eli Lilly фармацевтика компаниясы, электронды құрылғылар мен компьютер өндіретін Intel, McDonald ‘ s, Southwest Airlines авиакомпаниясы, Twitter әлеуметтік желісі  өз табысы туралы мәліметтерді бөліседі.

АҚШ-тың экономикалық талдау бюросы І тоқсандағы жалпы ішкі өнімге алдын-ала баға береді. Консенсус-болжам  бойынша ЖІӨ маусымдық түзетуді ескере отырып, жылдық 1,7%-ға өсуі ықтимал,  бұл төртінші тоқсандағы 6,9%-бен салыстырғанда біршама төмен.

29 сәуір, күні charter Communications телекоммуникация компаниясы, Chevron компаниясы, Colgate-Palmolive тұрмыстық химия өндірушісі, Exxon Mobil мұнай компаниясы және басқалары тоқсандық нәтижелерін хабарлайды.

Экономикалық талдау бюросы наурыз айындағы жеке кіріс пен шығыс туралы мәліметтерді орналастырады.