«ҚазАвтоЖол» БҚО филиалының директоры қызметінен босатылды

Жарияланды

Индустрия министрлігі Әмір Кәрімбаев Тоқаевтың тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін қызметінен айырылды деп хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдарды жөндеу жөніндегі тапсырмасын уақтылы орындамағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық автожол операторы БҚО бойынша филиалының директоры Әмір Кәрімбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ИИДМ мәліметінше, «ҚазАвтоЖол» орталық аппаратының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің басшы қызметкерлері мен мамандарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Өткен аптада, 23 сәуірде БҚО-дағы жолдардың сапасыздығына байланысты ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев те қызметінен босатылды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жалпы ұзындығы 24,4 мың шақырымды құрайтын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы болып табылады. (барлық жолдардың шамамен 20%). Ұлттық операторға «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол бойындағы қызметтерді дамыту құқығы берілген.

Сондай-ақ оқыңыз