Дамушы нарықтардағы валюталар теріс динамика көрсетті
Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды
Сыртқы валюта нарығында 2022 жылдың 15-22 сәуір аралығында бірқатар маңызды оқиға болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ ФРЖ Төрағасы бағаның тұрақтылығын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеп, мамыр айындағы отырыста мөлшерлемені 50 б.т. көтеру туралы шешімнің қаралуы мүмкін екендігін айтты. Сонымен қоса, Нью-Йорктегі ФРБ басшысы Джон Уильямс мөлшерлемені пайыздық тармақтың жартысына көтеру орынды шешім деп мәлімдеді. ҚХР-дағы карантиндік шектеулер аясында наурызда бөлшек сауданың төмендеп (-3,5% ж/ж), жұмыссыздықтың өскені (5,8%) туралы деректер әлемдік экономиканың өсімін тежейді деген алаңдаушылық бар. Мөлшерлемелерінің жылдам өсіміне қатысты АҚШ ФРЖ-ның күтулері тәуекел активтердің серпініне теріс әсер етті.
Бұл факторлар, негізінен, дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасын көрсетті.
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының серпіні төмендегідей қалыптасты:
Ресей рублі экспорттаушыларды салық төлемдеріне даярлау аясында 5,7%-ға (80-нен 75,45-ке дейін) нығайды;
Индонезия рупиясы 0,1%-ға (14 381-ден 14 362-ге дейін) нығайды. Индонезия орталық банкі мөлшерлемені 3,5% төмен деңгейде сақтады;
үнді рупиясы АҚШ-тың ФРЖ саясатының күшеюіне байланысты шетелдік капиталдың әкетілуіне қатысты алаңдаушылық аясында 0,4%-ға (76,18-ден 76,48-ге дейін) әлсіреді;
түрік лирасы АҚШ ФРЖ басшысының ақшаға қатысты талаптарды одан әрі күшейту саясатын қолдау туралы түсініктемелері аясында 0,7%-ға (14,64-тен 14,74-ке дейін) әлсіреді;
Мексика песосы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы аясында 1,3%-ға (19,97-ден 20,23-ке дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы инвесторлардың мөлшерлемелерді күрт арттыруды жалғастыруы бойынша күтулерінің төмендеуі аясында 2,1%-ға (4,7-ден 4,8-ге дейін) әлсіреді;
Оңтүстік Африка ранды инфляция талдаушылардың болжамынан төмен – 5,9%-ға ж/ж өсуі аясында 6,7%-ға (14,63-тен 15,61-ге дейін) әлсіреді, бұл жуырдағы отырыста мөлшерлеменің көтерілу ықтималдығын төмендетеді.