Жаңалықтар

Телефон арқылы алаяқтарға маңызды ақпаратты берілсе, енді не істеуім қажет?

Сізде қарыз болмаса да, кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отыру керек

Кейде маңызды ақпаратты жиі алаяқтардың қолына беретін адамдардың өздері, өйткені олар қырағылықтарынан айырылып әртүрлі мән-жайларға байланысты дұрыс ойлау және бәрін талдау қабілетін жоғалтады. Бұл туралы fingramota.kz сайты айтып берді.

Егер сіз дербес деректеріңізді, картаңыз туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға абайсызда беріп қойсаңыз, банкіңізге дереу хабарласып, орын алған жағдай туралы хабарлаңыз және шотыңызды және барлық транзакцияларды бұғаттауды сұраңыз. Міндетті түрде құқық қорғау органдарына арыз жазып, нөмірі мен тіркелген күні көрсетілген арыздың көшірмесін өзіңізге сақтап қойыңыз.

Сізде қарыз болмаса да, кредиттік тарихыңызды үнемі тексеріп отырыңыз. Өйткені алаяқтардың «ұрланған» құжаттар бойынша кредит ресімдейтін кездері болады. Сонымен қатар, дербес кредиттік есептен сіздің рұқсатыңызсыз қандай қаржы институттары немесе МҚҰ кредит тарихыңызды сұрағанын бақылай аласыз. Заң бойынша Қазақстанның әрбір азаматы күнтізбелік жылына бір рет дербес кредиттік есебін тегін ала алады. Ол үшін кредиттік бюроға жүгіну қажет, Қазақстанда олар екеу: Мемлекеттік кредиттік бюро және Бірінші кредиттік бюро, сондай-ақ ХҚКО-ға немесе кредиттік есепті электрондық үкімет веб-порталы арқылы алуға болады.