Жаңалықтар

Үндістанда  COVID-19 үшін жануарларға жаппай зерттеу жүргізуде

Жануарлардың SARS-COV-2 вирусына да сезімтал екендігі тағы бір рет дәлелденді

Жануарлардың SARS-COV-2 вирусына да сезімтал екендігі тағы бір рет дәлелденді. Сондықтан коронавирустан ең көп зардап шеккен елдердің бірі Үндістан COVID-19 үшін жануарларға жаппай зерттеу жүргізуде. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

 Зерттеушілер 413 жануардан сынама алды, оның ішінде 195 ит, 64 сиыр, 42 жылқы, 41 ешкі, 39 буйвол, 19 қой, 6 мысық, 6 түйе және 1 маймыл. 95 жануардың сынамалары оң болды.

Ғалымдардың пікірінше, жануарлар науқас адамдардан жұқтырған болуы мүмкін. Осылайша, 30-дан астам ел жануарлардың жұқтыру жағдайлары туралы мәлімдеді. 

Сонымен қатар, жануарларды COVID-19-дан қорғау үшін ресейлік ғалымдар «Карнивак-Ков» ветеринарлық вакцинасын ойлап тапты. Жануарларды иммунизациялау үшін екі рет егу қажет (екіншісі – 21 күннен кейін).