Жаңалықтар

Zara ресейлік нарыққа оралу туралы ақпаратты жоққа шығарды

Брендтік дүкендер ашылмайды

Zara бренді (Inditex Group-қа тиесілі) әзірге Ресейде өз дүкендерін ашпайды, деп жазады РИА Новости.

Сейсенбі күні Zara сайты Ресейде 30 сәуірден бастап дүкендер ашылатыны туралы ақпаратты жариялады. Компания мұндай деректердің техникалық ақаудың салдарынан пайда болғанын айтты.

Сәуір айында Inditex Group бас директоры Оскар Гарсиа Масейрас журналистерге мүмкіндігінше Ресейдегі дүкендерін қайта ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, 5 наурызда Zara және Bershka брендтеріне иелік ететін испандық Inditex киім дүкендері желісі Украинадағы соғысқа байланысты Ресей Федерациясының аумағында жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.