Жеке кәсіпкерлердің салық төлеуін түбегейлі жеңілдетуге бағытталған «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы іске қосылды. Тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Қазір қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдаланып жатыр.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаевтың айтуынша, «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.
Мобильді қосымшаның функционалы:
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
- Кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
- Қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
- Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;
- Жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
- Оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);
- Кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.
Сервис көмегімен:
- Салық органдарының жіберген хабарламасын алуға;
- Бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге;
- Артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады.
Сондай-ақ, бірқатар анықтамаларды, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды алуға болады.
Қосымшаның басты беті бірнеше бөлімнен тұрады:
- Жеке кәсіпкердің профилі;
- Чектерді беру модулі (чектер);
- ЖК кірісін есепке алу (кірістер);
- Қызметкерлер мен олардың кірісін есепке алу (ЖК қызметкерлері).
«Сервистер» бөлімінде олардың көмегімен дара кәсіпкерді тіркеу, оның тіркеу деректерін өзгерту, салық салу режимдерін ауыстыру және басқалары жүргізілетін сервистер болады. «Көмек» бөлімінде қолдау қызметі орналасқан, сол жерде жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар орналастырылған. Төрағаның блогына жүгіну мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, басты бетте «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасына, салық төлеушінің кабинетіне және Еgov порталына сілтемелер орналастырылған» деді спикер.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін алдағы салық оқиғалары туралы, мысалы, салық есептілігін ұсыну және салық төлеу мерзімдері туралы ескертулермен салық күнтізбесі орналастырылған.
Пайдаланушының бейінінде жеке кәсіпкер туралы өзекті мәліметтер көрсетіледі. Бұл оның тіркеу деректері, мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметін тоқтатқан), қызмет түрлері. ЖК тіркелген Мемлекеттік кіріс органы, банк деректемелері, кәсіпкердің тәуекел дәрежесі көрсетілген. Сондай-ақ, профильде кәсіпкер өзінің әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін мәлімдеген кірістері туралы мәліметтерді енгізеді.
Чектерді беру функционалы – бақылау-касса машинасының баламасы. Оның кірістерді фискализациялауы бар жеңілдетілген нұсқасы. Әрине, бұл сервис тауарлардың көптеген атаулары бар сауда объектілері үшін бақылау-касса машиналарын толығымен алмастыра алмайды. Дегенмен, бірнеше түрі сатылатын шағын дүкендер үшін қолданылуы әбден мүмкін. Қазір бұл қызмет жұмыстар мен қызметтер үшін чек қалыптастыруға мүмкіндігін береді, чекті алушыға мысалы, Whatsapp арқылы немесе басқа мессенджерлерді пайдалана отырып жолдауға болады. Берілген чектердің түпнұсқалығы QR-кодпен расталады.
Жалпы, мобильді қосымшаның чектері бойынша деректердің болуы кірістер тіркелімін автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазір есеп жүйесі жоқ кәсіпкер оны қолмен жүргізуге мәжбүр.
«Кәсіпкердің салық міндеттемелерін есептеу қосымшада көрсетілген кірістер негізде жүргізіледі. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерін есептеу үшін кәсіпкер профилінде кірістердің мөлшерін көрсетеді. Осы модуль азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар бойынша жеке тұлғалардың міндеттемелерін есептеу үшін қолданылады. Есептелген міндеттемелерді кәсіпкер қосымшаның шет жағындағы мәзірінің «Салықтар» бөлігінде көре алады. Төлеуге ыңғайлы болу үшін нәтижелер әр ай үшін бөлек көрсетіледі. Бұл бөлімде бірден салық төлеуге болады» деді комитет өкілі.
Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін оңтайландыру бағытында да жекелеген рәсімдерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Мысалы, оңайлатылған декларация бойынша мұндай шек ағымдағы жылы 73,6 млн теңгені құрайды. Табыстың шекті мөлшері 80%-ға жеткен кезде индикатор түсін – сарыға, 100%-ға жеткенде қызылға өзгертеді. Осыған ұқсас ҚҚС бойынша шекке жету бойынша индикатор белгіленген, одан асқан кезде салық төлеуші ҚҚС бойынша есепке тұруға міндетті. Осылайша, айыппұл санкцияларын болдырмау үшін қосымша режимді өзгерту және/немесе ҚҚС бойынша тіркеу қажеттілігі туралы алдын ала хабардар етеді» деді спикер.
Сонымен қатар мобилді қосымшада хабарламалар мен анықтамаларды алу қызметтері ұсынылады. Аталған функционал іске асырылғанға дейін декларацияланған кірістердің мөлшерін растау үшін салық төлеушілер тікелей мемлекеттік кіріс органына өтініш берген. Декларациялар куәландырып, хаттар берілген болатын. Жұмыскерлердің табысы бойынша анықтаманы кәсіпкерлердің өздері берген. Қазір анықтама беру модуліне кіріп, қажетті анықтаманың түрін таңдап, кезеңін көрсетіп, алуға болады. Сондай-ақ, қосымшада жеке кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту функционалы қосымша пысықталып жатыр.
Биыл жыл соңына дейін «E-Salyq Business» қосымшасын алдағы уақытта фермерлер мен шаруа қожалықтары да пайдаланатындай етіп, функционалын кеңейту жоспарланып отыр.