Жамбылда 40-тан астам жасөспірім ата-аналарына қайтарылды

Жарияланды

 Бұл балалар үйлерінен өз еркімен кетіп қалған

Жыл басынан бері жамбылдық полицейлер өз еркімен үйінен кетіп қалған 40-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірімді ата-аналарына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Баланың үйден кетуінің негізгі себептері – баланың бос уақытына және араласатын ортасына қатысты бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуының ұйымдастырылмауы, отбасындағы жанжалдық жағдайлар, сондай-ақ жасөспірімдердің өзін-өзі қорғауға және ата-ана бақылауынан шығуға деген ұмтылысы.

« Балалардың үйден кетуінің ауыр салдары бар. Қадағалаусыз өмір сүре отырып, балалар қауіпті жағдайға ұшырайды және көбінесе қылмыстық және азғындық әрекеттерге тартылады. Өз еркімен үйден кетудің ауыр зардаптарының алдын алатын ашық түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет», – деп атап көрсетті Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыз