Жаңалықтар

АҚШ Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіру шешімін қолдайды

Жақын арада НАТО саммиті өтеді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Швеция мен Финляндияны НАТО-ға кіру туралы шешім қабылдаған жағдайда «қолдау көрсететінін» айтты. Бұл туралы INTERFAX.RU сайты хабарлады.

«Әрине, олар бұл шешімді қабылдайды деп үміттенеміз. Егер  осылай шешілсе, біз қолдаймыз», – деді Блинкен Өкілдер палатасындағы тыңдау кезінде.

Хатшы елдердің қашан шешім қабылдайтыны туралы нақты мерзім айта алмайтынын түсіндірді, бірақ бұл мәселені «өте белсенді түрде қарастырып жатқанын» атап өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, жақын арада НАТО саммиті өтеді. Самит басталғанға дейін нақты ақпарат алу қиын», – деді Блинкен.

Швеция мен Финляндияда Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғаннан кейін НАТО-ға кіру мүмкіндігін белсенді түрде талқылай бастады.