Қазан айында Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтеді

Жарияланды

Бұл ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің дайындығын арттыруға бағытталған

Қазақстанның Қарулы Күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттермен оқу-жаттығулар өткізуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Интерфакс.

«Ағымдағы жылдың қазан айында Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарымен «Поиск – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және «Эшелон – 2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерімен арнайы оқу-жаттығулары Қазақстан аумағында өтеді, – деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тәжікстан аумағында Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуы, ал Қырғызстанда бітімгершілік бөлімшелерімен «Бұзылмайтын Бауырластық – 2022 » командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетіні атап өтеді.

«Шаралар ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің алға қойылған міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға бағытталған», – деп атап өтті қорғаныс министрлігі.

ҰҚШҰ-ға алты мемлекет кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Сондай-ақ оқыңыз