Бейжіңде коронавирустың өршуіне байланысты барлық мектептер жабылды
Жарияланды
Олардың қашан жұмыс істей бастайтыны әзірге белгісіз
Бейжің билігі COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты қаладағы барлық мектептерді жапты, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.
Қала билігі мектептердің қашан ашылатынын жариялаған жоқ. Сондай-ақ, мектептер қашықтан оқытуды қамтамасыз ете ала ма, әлде емтиханға дайындалып жатқан студенттерге өз аудиторияларына оралуға рұқсат бере ме, ол да белгісіз.
Бұған дейін Бейжің халықты коронавирусқа жаппай тестілеуді тапсырған болатын. Жұмаға дейін елорда тұрғындарының үштен бірі тексеріледі деп күтілуде. Қаланың COVID-19 жағдайлары анықталған кейбір бөліктерінде локдаун енгізілді.
Қытайда пандемияның бүкіл кезеңінде 214 мыңға жуық коронавирус инфекциясы және аурудың салдарынан 4,9 мыңнан астам адам қайтыс болды.