Қалада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр
«ҚТЖ» АҚ жолаушылар техникалық паркі аумағында лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі елордалық жедел штаб сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Ведомствода атап өткендей, оқу-жаттығулар жауынгерлік жағдайға барынша жақын болады.
«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», – делінген Нұр-Сұлтан ПД хабарламасында.