Жаңалықтар

Венесуэлада тұтқындар бүлік шығарды

Олар үш күзетшіні кепілге алды

Венесуэланың Карабобо штатындағы полицияны үйлестіру орталығының тұтқындары жаппай тәртіпсіздік жасап, үш күзетшіні кепілге алды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Олар толып жатқан камераларды қайта орналастыруды талап етті. Елдің прокуратурасы оқиғаның аяқталып, 50-ден астам адам жақын маңдағы түрмеге ауыстырылғанын хабарлады.

«Карабобоның адам құқықтары жөніндегі №14 және 28-ші прокуратурасының қызметкерлері тәртіпсіздіктерді басу үшін Лос Гуайостың Боливар ұлттық полициясының үйлестіру орталығына келді. Олар кепілге алынған үш адамды босатып, 53 тұтқынды Токуито сот түрмесі ауыстырды», – деп жазды Венесуэланың бас прокуроры Тарек Уильям Сааб өз блогында.

Жергілікті БАҚ отбасы мүшелеріне сілтеме жасап, тәртіпсіздікке тұтқындардың құқықтарының бұзылуы және камераларда адамдарды өте көп  ұстау себеп болғанын хабарлады.

Pitazo айтуынша, тұтқыннан босатылған үш күзетшінің жағдайы ауыр – біріне бас сүйегінің сынуы диагнозы қойылған, екіншісі құлағынан айырылған.