Азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде  17,9%-ға қымбаттаған

Жарияланды
Сәуір айында жылдық инфляция 13,2% болды

Сәуір айында Қазақстандағы инфляция деңгейі жылдық есепте 13,2%-ды, бір айда 2%-ды құрады. Жыл басынан бері инфляция 7,3% болды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 17,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,1%-ға және ақылы қызметтер 8,9%-ға қымбаттады.

Былтырғы сәуірмен салыстырғанда құмшекер, жаңа піскен көкөністер, картоп пен құс етінің бағасы айтарлықтай өскен. Тек жұмыртқы ғана сәл-пәл арзандаған – 4,1%.

Ең қатты қымбаттаған тауарлар:

54,6%  – құмшекер16,9%  – жылқы еті
46%    –  жаңа піскен көкөністер15,8%  – кондитерлік өнімдер
30,3%  – картоп15,4% –  пастерленген сүт
28,8%  – құс еті14,8%–  қышқыл сүт өнімдері, жаңа піскен жемістер, нан
25,5%  – жармалар13,6% –  ет өнімдері
23,4%  – макарон өнімдері12,8% –  сары май
22,7%  – ұн12,4% –  шошқа еті
22,3%  – күнбағыс майы18%    –  минералды және ас су
19,3% –  қатты ірімшік16,2%  – салқындатылған сусындар
18,3% – тоқаш және ұннан жасалған өнімдер16%   – темекі өнімдері
17,5%  – қой еті11,7%  –  алкогольді сусындар

Бюроның баға статистикасы департаменті директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, жыл басынан бері индекс құрылымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды.

«Ай сайын бюро тауарлар мен қызметтердің толық жиынтығы бойынша бағалардың өзгерісін тіркейді. Онда азық-түлік, тұрмыстық және шаруашылық тауарлар, ересектер мен балалар киімдері, денсаулық сақтау, көлік қызметтері және т.б. қызмет пен тауарлар бағасы ескеріледі, барлығы – 508 позиция»  дейді Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Сондай-ақ оқыңыз