Байден Финляндияның НАТО-ға қосылуын қолдады

Жарияланды

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Псаки Байденнің Финляндияның НАТО-ға қосылуын қолдайтынын мәлімдеді

АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның «ашық есік» саясатын қолдайды және Финляндияны альянсқа қосуды жақтайды, деп жазды АҚШ лидерінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Псаки Ақ үй НАТО саясатын қолдайтынын, оған мүдделі және талаптарға сай келетіндер ұйымға кіре алатынын түсіндірді.

«Біз Финляндия басшылығының және басқалардың мүшелікке өтініш беру туралы кез келген шешімін қолдаймыз», – деді Ақ үй өкілі.

Бұған дейін The Times газеті Швеция мен Финляндияның НАТО-ға 2022 жылдың жазында кіретінін жазған болатын. Дереккөздердің бірі, АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі мұны Ресейдің стратегиялық қате есептеуінің нәтижесі деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз