Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органындағы жұмысынан босатылды. Бұл туралы t.me/atamekenbusiness_qaz хабарлады.
«2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Ербол Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды. 2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан ақпаратта.